Елімізде оқуға қолдау көрсету, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, ұлттық әдебиетіміздің ең үздік туындыларын насихаттау мақсатында колледжде кітапхана жұмыс жасайды. Кітапхана жұмысы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының кітапханалар қорын қалыптастыру, пайдалану және сақтау бойынша қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 44 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 13 мамырдағы № 211 бұйрығына сәйкес ұйымдастырылады.
Колледж кітапханасының мақсаты: Отанын сүйетін, ерік-жігері мықты, өз ұлтын жақсы көретін ұлтжанды, жаны таза жастарды қалыптастыру, халқының құндылықтарын көз қарашығындай сақтап, өмірде оны пайдаланып, мүмкіндігінше қажетіне жарата білетін маман тәрбиелеу, әдептіде парасатты, рухани бай, өресі жоғары, білімді, ел болашағын ойлайтын, аға ұрпақтың ісін жалғастыратын тұлға қалыптастыру.
Кітапхананың анықтамалық-ақпараттық қоры жиынтық есеп кітабында тіркелген. Кітап қоры 33089 басылымды құрайды, оның ішінде оқу-әдістемелік кешендер -900 дана, көркем әдебиет-8327дана, жалпы білім беру пәндері бойынша- 8460, арнайы пән оқулықтары 15174 дана, электронды оқулықтар -228 дана. 12654 дана қазақ тіліндегі, 19731 дана орыс тілінде және 704 дана оқулық ағылшын тілінде. 37 атаулы мерзімді басылымдар бар.
Кітапханада абонемент, қор қоймасы, 15 орындық оқу залы, МФУ, 10 компьютер, жылжымалы көрме сөрелері бар. Компьютермен жұмыс істеу қауіпсіздігінің барлық нормалар ы сақталады.
Колледж оқытушылары, қызметкерлері мен білім алушыларына кітапханалық – ақпараттық қызмет көрсетудің бірыңғай жүйесі «кітапхана ісі туралы», «кітапхана туралы ережелер» негізінде құрылады.
Кітапхана қоры колледждің бейініне сәйкес, барлық мамандықтардың оқу жоспарларына сәйкес және оқытушылардың әдебиетке деген өтінімі негізінде, сондай-ақ оқырман сұраныстарын ескере отырып жинақталады.
Оқу әдебиеті қорын қалыптастыру кезінде кітапхана «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының кітапханалар қорын қалыптастыру, пайдалану және сақтау бойынша қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 44 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 13 мамырдағы № 211 бұйрығын басшылыққа алады.
Маңғыстау обласы, Ақтау қаласы,
3Б микрорайон, 17 4 қабат
8 (7292) 50 22 00
post.mek@mail.ru
© 2025| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz