Медициналық қызмет

Студенттерге  медициналық   көмек  көрсетуді жақсарту үшін колледжде медициналықпункт  пен  емдеу кабинеті  бар. 14.02.2022 жылғы № 10 бұйрығы  бойынша  алғашқы ( дәрігерге дейінгі ) медициналық көмек көрсету  лицензиясы бар. Медициналық   пунктте  медбикелер  алғашқы  медициналық  көмек  көрсетеді, иммунопрофилактика  жүргізеді, санитарлық ағарту жұмыстарын  жүргізеді,студенттерді  медициналық себептер бойынша емханаға  жібереді, емхананың  дәрігерлерімен бірлесіп  студенттерді, оқытушыларды ,қызметкерлерді медициналық  тексеруден өткізеді. Студенттер  кестеге cәйкес  «В» және «С» вирусты гепатиттерге,   АИТВ –ға (ЖИТС),микрореакцияға , жыл сайын флюраграфиядан өтеді. Медбикелер  студенттерді  бас биті мен қышымаға үнемі тексеріп отырады. Олар жүкті студенттер мен диспансерлік есепте тұрған  студенттерді бақылайды. Колледж  аудиторияларындағы  жалпы  тазалық  жұмыстарының  сапасы мен  техникалық қызметкерлермен жүйелі түрде  жүргізілетін  болады.Колледждегі  іс-шараларға  қатысады. 


© 2025| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz