Психологиялық кеңес беру

Психологиялық қызметтің мақсаты:

студенттердің отбасында, колледжде және әлеуметтік ортада өзін-өзі анықтай білуіне, толыққанды жеке дамуына, оң әлеуметтендірілуіне, кәсіби қалыптасуына жағдай жасауға  қол ұшын беру.

Негізгі міндеттер:

-Педогогикалық қызметкерлерге және студенттерге дер кезінде кешенді психологиялық көмек көрсету;-

-Дарынды балалармен жұмыс,жеке шығармашылық әлеуетін, табиғи қабілетін анықтау және дамыту;

-Психофизикалық  даму ерекшелігі бар студенттерге және қиын әлеуметтік жағдайда қалған студенттерге әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсетуді ұйымдастыру;

-Туындаған мәселелерді шешуде  педогогикалық процесстің барлық қатысушыларына әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық көмек көрсету;

-Педагогтармен, ата-аналармен, студенттермен бірігіп жұмыс істеу үшін қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау;

-Күрделі  бейімделу кезеңінде педагогтар мен студенттерге әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету;

-Салауатты өмір салтын насихаттау, кері әлеуметтік мінез-құлықтың алдын алу;

Әрекет  ұстанымдары:

-Студенттердің қызығушылықтары мен құқықтарының басымдылығы;

-Жеке бағытталған тәсіл;

-Қолжетімділік;

-Құпиялылық.

Жұмыс бағыты:

-Психологиялық кеңес беру;

-Психологиялық  диагностика;

-Психологиялық ақпар беру;

-Психологиялық түзету  

Психолог көмектеседі:

· Дағдарыс жағдайларынан шығу жолдарын табуды үйренуге

· Өз күштерін тексеруге

· Ішкі резервтерін табуға

· Күйзелістен шығуға

· Қандай да бір таңдаудың пайдалы және зиянды жақтарын анықтауға.

Осы және басқа да мәселелер әр адамның өмірінде туындайды. Барлық күрделі сұрақтарға бірден жауап табыла қоймайды. Ойлануға уақыт тығыз болғанда немесе ары қарай не істеу қажет екенін білмеген жағдайда не істеу керек? Міне, осындай  жағдайда психологқа жүгіну-оңтайлы әрекет нұсқаларының бірі.

 


© 2025| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz