Студенттік өзін-өзі басқару ұйымы

«Н. Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі» МҚКҚ

Студенттік өзін-өзі басқару ұйымы 

31 қазан-5 қараша студенттерді тіркеу

6-13 қараша аралығында үгіт-насихат жүргізу

14-қараша төрағаға үміткер студенттерді сайлау

Хабарландыру!

Н. Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі студенттік өзін-өзі басқару парламенті президентіне сайлау үшін үміткерлерді қабылдау басталды!

Егер сіз белсенді, көшбасшылық қабілетіңіз жоғары және колледж өміріне үлес қосуды қаласаңыз, осы сайлауға қатысу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз.

Үміткерлер өзін 1 минуттық видео арқылы ұсынып, көрсетілген нөмерге жіберсе болады: 

 87785466953

Студенттік өзін-өзі басқару ұйымының мақсаты:

Жастардың бойында азаматтық белсенділік, әлеуметтік құзіреттілік, азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту, шығармашылыққа қабілеті, өзінің жеке басын, қоғам мемлекетті жетілдіру мүддесіндеәрекет ете алатын жоғары мәдениетті азаматты тәрбиелеу. 

Студенттік өзін-өзі басқару ұйымының міндеттері:

-Білім алушылардың шығармашылық белсенділігі және өз бетінше әрекет етуін жүзеге асыру;

-Білім алушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға оның ішінде білім беру, әлеуметтік-тұрмыстық және олардың мүдделерін қозғайтын өзгеде мәселелерді шешуге жәрдемдесу.

Студенттік өзін-өзі басқару ұйымы құрылымы: 

-Студенттік өзін-өзі басқару ұйымының көшбасшысы сайлаудаоқу орнының студенттері мен оқытушылары сайлайтын төраға; 

-Студенттік өзін-өзі басқару ұйымы жұмыс туралы ережеге бағынатын, оқу орнының өміріне белсенді қатысатын 1-4 курс студенттері мүше бола алады. Студенттік өзін-өзі басқару ұйымының жұмысын төраға басқарады. Төраға 1 жылда 1 рет оқу орнының сайлауы арқылы сайланады. Студенттік өзін-өзі басқару ұйымының мүшелерін төраға белсенді түрде студенттер арасынан таңдайды.

 


  


© 2025| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz