«Экотуризм» облыстық байқауы

2025 жылдың 8-10 қазан аралығында өткен «Экотуризм» облыстық байқауына Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің информатика пәні оқытушысы А.Ж. Избасарова қазылар алқасы құрамында қатысты.

Байқау аясында Маңғыстау өңіріндегі қасиетті орындарға — Отпан тау, Қараман ата жерасты мешіті және Көгез этноауылына танымдық-тарихи сапар ұйымдастырылды. Мақсат – жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін арттыру және ұлттық құндылықтарды насихаттау.

Байқау бағдарламасы:

• 1-күн: Отпан тауда тарихи-экологиялық экскурсия, музейге саяхат, бейнеролик түсіру.

• 2-күн: Көгез этноауылында «Мың бояулы Маңғыстау» номинациясы, Қараман ата мешітіне бару, Бекі ауылында спорттық шараларға қатысу.

• 3-күн: «Экологиялық шолу» номинациясы, тазалық акциясы және марапаттау рәсімі.

Үш күнге созылған бұл байқау — оқушылардың туған өлкені тануына, табиғатты қорғауға және шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік берді.

 

Галерея


© 2025| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz